Қоғам • 30 Қараша, 2020

Шымкентте сауалнамаға қатысқандардың 43 пайызы қашан кітап оқығанын есіне түсіре алмаған

46 рет көрсетілді

Шымкентте 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған республикалық "Кітап FEST" фестивалінің ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жанар Бектаева, зиялы қауім өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «құндылықтар жүйесінде білім – кітап» деген болатын. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы да Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде сөйлеген сөзінде кітапханаларға, олардың жай-күйіне, кітаптардың шығарылуына көңіл бөліп, басымдық берген еді. Бүгінгі күні заман талабына қарай кітаптар электронды нұсқаға көшті. Шындығында кітап оқу көрсеткіші бұрынғыдан төмендеді. Бұрын үйлерде сөре толы том-том кітап жиналып тұратын. Қазір қазынамыз көп үйден көрінбейді. Бір апта бұрын қала тұрғындарының арасында кітап оқу тұрғысында сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде «қашан кітап оқыдың?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 43 пайызы «есімде жоқ» деп жауап берген, – дей келе Шыңғыс Мұқан оқырманға артық білім кітапта екенін жеткізді.

Сондай-ақ фестивальдің ашылу салтанатында шымкенттік «Жебе» баспа үйінің Елбасы Н. Назарбаевқа арналған «Кемеңгер. Дана. Көшбасы» кітабының таныстырылымы өтті. Елбасының сыныптасы Роза Тілемісова, ардагер журналист Байдулла Қонысбек Тұңғыш Президент күнінің маңыздылығына тоқталып, ой-пікірлерін ортаға салды. Бұдан бөлек, іс-шарада Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларынан баспа үйлері, кітап дүкендері, қалалық кітапханалар оқырмандарға жаңа кітаптарын ұсынды.

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары Көрме орталығында 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында кітап әлеміне саяхат жасай алады.

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар