Оқтау жұтқандай қақшиып, сахнада жөндеп не иіле алмайтын, белдері қарысып бүгілмейтін адамдардың қалай ұялмай-қызармай биші болатындығына таңымыз бар. Мұндайда, әрине әуелі іргеміздегі көршілес елдерге көз тігетін әдетіміз. Мына ала топпылы өзбек ағайындарды айтамыз да. Өзбекстанға жақын орналасқан аймақта туып-өскендіктен, өзбек-акалардың «қошықтары» мен «ракстары» туралы біраз естіп-көрген хабарымыз бар енді.

Міне, осы елдің билерін алып қарайтын болсақ, мемлекеттік «Бахор» халық би ансамблінің даңқы жер жарып тұр. Атақты бишілері Мукаррам Тургунбаева мен Тамара ханумдарына қалай құрмет көрсететінін білсеңіздер ғой. Өнер ұжымына бірінің есімін берсе, ал екіншісінің бидегі салып кеткен сара соқпағына адалдықтарынан ешқашан айныған да, ауытқыған да емес. Неткен дәстүрге беріктік десеңші. Құдай-ау, және дөңгеленіп билей жөнелгенде қыздарының көздері жанып шыға келетінін айтсаңшы. Бұрынғы кеңестік кеңістікті алсақ, Грузияның «Сухишвили», «СЭУ» халық би ансамбльдерінің өнеріне қол соқпайтын жан некен-саяқ болса керек. Ал Ресейдің өзінде қаншама халық би ансамбльдері бар дегендей. Бұларды айтқанда, бізде би өнері дамымай, кенже қалып қойған деп аузымызды қу шөппен сүрткелі отырған жоқпыз, әрине. Тәубе, қазақта да небір дүлдүлдер сахнада сайран салған. Оттай жанған. Шөліміз қанған. Әлгілермен салыстырғанда, қазақтың бір ғана Шарасының (Жиенқұлова) өзі не тұрады! Баяғыда «Гүлдердің» аты қалай дәуірледі десеңші. Сол сияқты қазіргі күнгілерге оралсақ, «Салтанат», «Наз» би ұжымдарының аты тіл ұшында тұратыны тегін болмаса керек-ті.
Біздің бүгінгі қозғап отырған әңгімеміз осы бір жібектей есілген нәзік өнердің қазіргі хал-ахуалы, сапасы туралы болмақ. Биші атаулы негізі сәмбі талдай иіліп тұрса шіркін, дейсіз ғой билегенде. Аяқтарына тас байлап алғандай қозғалысы тым сылбыр, баяу, сүлесоқ кейіптегі бишілерді көргенде, бұл өнерге олардың не үшін келгенін білмей миың дал болады. Қашан көрсең, жігіттердің биінде көбіне аттың үстінде шауып келе жатқан, болмаса тек қолындағы қамшысын оңды-солды сілтеген элементтер кездеседі. Мың бұралған қыздарымыз сахнаға тек үстеріндегі әшекейлі костюмдерін көрсетуге шыққандай әсер қалдыра ма қалай өзі. Кейде қимылдары қабыспай, бірі қолын көтерсе, екіншісі төмен түсіріп, музыка ырғағымен сәйкес келмей, сәтсіздікке жол бергенде залда отырған өзіңнің басың еріксіз төмен салбырайды. Халық биін қоятын қазіргі балетмейстерлердің дәстүрлі өнерден онша хабары жоқ-ау деген күдіктің туатыны содан... Атқа мінбейтін грузин жоқ, орыс та, өзбек те солай, атты қадірлейді. Бірақ бұлардың бишілері неге біздегідей шаңды будақтатып, тепсіне бермейді дейсің ғой баяғы.
Сондай сәтте «апыр-ай, бұларың баяғы «Ортекенің» алғашқы орындаушысы Шашубай ақынды, болмаса 60 жасында «Насыбайшы», «Қаражорға» билерін нақышына келтіре орындаған Ысқақ Быжыбаевты, «Қамажай», «Аю биі», «Айжан қыз» билеріне жан бітірген Шара Жиенқұлованы, қазақ би өнерінің жарық жұлдыздары Гүлжан Талпықованы, яки болмаса қазақтың кәсіби тұңғыш балетмейстері Дәурен Әбіровті, т.б. көрмеген бе, олардың билерінен өнеге-өрнек алмаған ба?» деген ойдың ойпаңына оңай түсіп кетесіз. Көзі тірісінде Дәурен Әбіров ағамызбен дидарласып, өзімен әңгіме-дүкен құрған жайымыз бар еді. Сонда ол кісі: «Ысқақтай тума дарындар халық арасында өте көп болған деп ойлаймын. Әттең, біз оларды кезінде дұрыс бағалай алмадық. Көп нәрсені олар өздерімен бірге алып кетуге мәжбүр болған кездерге өкінгенмен не пайда енді? Мен қазақ билерінің біраз қимыл түрлерін үйреніп, аттарын айтып беруін сұрадым. «Бүркіт қанат», «Айдаһар иірілу», «Ырғақты би жүрісі» дегендерді сонда алғаш рет естідім. Сөйтсем, бұл билерді ол 1936 жылы Мәскеудің Үлкен театрында өткен Бүкілодақтық халық билері байқауында орындаған екен. Оның билеріне сол уақытта кеңестің белгілі хореографтары Р.Захаров, Ю.Слонимскийлер өте жоғары баға беріпті. Сол байқаудан түсірілген кинотаспа бүгінде мемлекеттік мұрағат қорында сақтаулы», деген болатын.
Ендеше, мұрағаттағы мұндай құнды жәдігерлер тарихтың тасасында шаң басып жатқаны дұрыс па? Сала мамандарын даярлауда бұларды неге енді бүгінгі тәжірибеде кеңінен пайдаланбасқа деген түймедей түйін ғой айтпағымыз? Қытайдан биші Шұғыла Сапарғалиқызы Отанымызға оралғанда қуанғанымыз-ай! Астанада бишінің би мектебі ашылды дегенде одан сайын мерейлендік. Бірақ, қазір оның өнері құлағымызға көп шалына бермейді, соған қарағанда насихаты тоқтаңқырап тұр-ау шамасы. Өзбекәлі Жәнібеков өз қолымен құрған мемлекеттік «Алтынай» халық би ансамблі қазір қай деңгейде екен, ә? Моңғолия хореографтары ондағы тұратын қазақтардан 100-ге жуық би қимылын жазып алды деген хабарды құлағымыз шалып еді. Мұны жүзеге асырып жүрген біреу-міреу бар ма екен?.. Әй, қайдам!
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Бүгін, 22:05
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 21:18
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Бүгін, 20:55
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Бүгін, 20:24
Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 19:56
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасарлары лауазымына ұсынылған кандидатуралармен келісті
Парламент • Бүгін, 17:40
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Бүгін, 17:27
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 17:06
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Әлемге танымал үш ірі компания Беларусьтегі әлем чемпионатынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Ұқсас жаңалықтар