Автобуста өзіңнен жасы үлкен адамға ұшып түрегеліп орын беру үшін кісіге соншалық көп ақылдың керегі жоқ-ау. Отбасында адам қандай тәрбие алса, көшеде, қоғамдық орындарда мұнысы тайға таңба басқандай көрініп тұрады емес пе? Бірақ қай ата-ана «автобуста көзіңді тас жұмып, құлаққабыңды киіп отыра бер» деп үйдегі баласының санасын бөтен оймен лайлайды дейсің. Соған қарағанда, адамның мәдениетті болмағы үйдегі алған тәрбиесіне қоса, «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтпақшы, әр адамның өмірден дұрыс сабақ түйіндей білуіне байланысты болса керек-ті.

Үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету, кішіпейіл, сыпайы болу, әдептен озбау, «сіз» деп сөйлеу, керістірмей келістіру, қағыстырмай қабыстыру ежелден қазақы менталитетке тән қасиеттер. Алайда соған қарамастан халқымыздың дәстүрлі жөн-жоралғыларын аяқасты ететін әдепсіз жайттарға куә болған сәтте бұрынғы ата-бабаларымыздың сол даналығын аңсап, көңілімізге кірбің ұялайтын кездер де жоқ емес. Әлеуметтік желідегі өнер адамдары жайында дақпыртты дариядай шайқау мен шайпау әңгімеге әуестіктің соңғы уақытта өрт шарпыған қамыстай тез лаулап ала жөнелуі алаңдатады.
«Ана әнші өйтіп жатыр екен, мына әртіс сөйтіп қойтыпты» деген сыңайдағы сыбыстар, сырттай жасалған долбарлар сарала қанат араның гуілдеген ұясын еске салатындай ма-ау. Тіпті, өнерін халқы қадірлеген абзал аға-апаларымыз бен қазіргі эстрада шеберлері жайында да қайдағы біреулер желбуаз әңгімені желдей үрлеп, ауыздарына ие бола алмай жатқанда үнсіз қалмай, біз де бұған өз ойымызды білдіре кеткенді жөн санадық.
Сондағы байқалған жағымсыз бір әдет – мәселенің байыбына бармастан маңдайымыздағы жарық жұлдыздарымызға тас лақтыру, өнердегі асылдарымызды бағалаудың орнына басып-жаншу, біріне-бірін айдап салу, «ана әнші мына әншінің қолына су құюға да жарамайды», «ана бір әнші тек тойда ғана ән салып, құлқынның құдығына түсіп жүр», «ойнаған бір-ақ рөлін малданып өмір сүріп жатқан әртістер бар», т.с.с. пыш-пыштар. Ешкімнің жүйкесі темірден жаралмаған. Сосын әлгі пақырдың да пендешілікпен ойланбастан бірдеңе дей салуы еш ғажап емес. «Әкесін ұрған талайды көріп едім, ал арбаға байлап сабағанды көргенім осы» депті ғой баяғыда біреу. Сол айтпақшы, халық төбесіне көтеріп, әздектеген аз зиялымызға тіл тигізбей, қайта мерейін өсіретін жақсы тілектер айтпасақ, мына түрімізбен жақын маңда өркениетке өтуіміз, мәдениетті ел болуымыз қиын-ау, сірә.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деген болатын. Ал жақында Елбасының бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Мұнда ел Президенті Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдері туралы, ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жүрген адамдарды қоғамға таныту, оларға ақпараттық қолдау жасау керектігін баса айтқан еді.
Бүгінгі таңда отандық рухани құндылықтардың ішінде әсіресе ән өнері қанатының көкке өрлеп тұрғаны тағы шындық. Ел еркесі, қазақтың бұлбұлы Бибігүл, Ермек, Әлібек, Ескендір, Розадай маңдайалды майталмандар жолын жалғастырған кейінгі талантты ұл-қыздар жарқырап өнер әлемінен өзіндік орындарын алуда. Соның бірі миллиардтарды өнеріне сүйсінткен Димаш, «Алматының түндері-ай» деп Ресейдің әнші қызы Нюшаға ән салғызған Қайрат, Ұлы Дала баласы Төреғали, «Түрквижн – 2014» сайысында жасындай жарқ еткен Жанар қызымыз, т.б. саңлақтарымыз Қазақ елінің ән өнерін барынша насихаттап, Алаш жұртының рухын асқақтатып жүр. Бұларды «анадан мынау артық, не кем» деп бөле-жармай, қазақ эстрадасының тұтас ағзасы ретінде қарастырсақ қайтеді. Оларды өнердің бірі көзі, екіншісі құлағы һәм тілі деп бағалай алғанымызда ғана адымымыз алға баспақ. Өйткені әр дарын иесінің өзіне ғана тән даралығы бар. Екеуі де азық бола тұрып нанның орнын ешқашан қант алмастыра алмайтыны сияқты жайт қой бұл да. Рас, «Өнерге әркімнің де бар таласы» демекші, қазір ән, әнші туралы кім болсын сол сын соғып отырады. Өнер иелерінің арасын жалғайтын жіп іздеудің орнына жік салу, бөле-жару, жала жабу мен дәлелсіз сынаудың аяғы адамдардың бір-бірін сотқа сүйреу әлегіне ұласпаса болғаны әйтеуір.
Қарашаш Тоқсанбай,
«Егемен Қазақстан»
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Бүгін, 22:05
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 21:18
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Бүгін, 20:55
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Бүгін, 20:24
Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 19:56
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасарлары лауазымына ұсынылған кандидатуралармен келісті
Парламент • Бүгін, 17:40
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Бүгін, 17:27
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 17:06
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Әлемге танымал үш ірі компания Беларусьтегі әлем чемпионатынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Ұқсас жаңалықтар