Екінші мыңжылдық басталған тұста қазақ көркем сөз өнерінің асыл арналары жайлы мақалалар жиі жарық көрді. Авторлардың қай-қайсысы да оқушысын өсіретін, ізденушіге жол сілтейтін керемет танымдық дүниелер жариялайтын. Солардың бірі – жазушы, әдебиеттанушы Айгүл Кемелбаева еді. Жазушының көркем шығармаларын емес, ең алғаш «Жәлеледдин Руми. Мәжнүн жүрек» зерттеуін оқыған екем. Ләйлі-Мәжнүнді қарапайым ғашықтық трагедиялардың қатарында қабылдап жүрген басымыз керемет бір жаңа әлемге топ ете түскендей болдық.

Сол зерттеуінде қаламгер «Руми Ләйлі-Мәжнүнді жер бетіндегі өмірден құдіретті тұспалға шендестіріп, ұшпаққа шығарды. «Жүректің әмірі», «Жүректің бұйрығы» концепциясын Низами, Руми, Хафиз, Кемал Худжанди мен Жәми енгізді. Руми адам тұлғасын құдайшыл жаратылыстың шыңырау биігіне көтерді», деп жазды. Кейін де жазушының шығыс әдебиетіне тән ерекшеліктер, сыр-сипаттар кеңінен қамтылған мақалаларын бірнеше қайтара зерделеп оқыдық. «Тобылғысай», «Мұнара» кітаптары арқылы көркемдік әлеміне саяхат жасадық. Әйтсе де осы кітаптарды оқу барысында қаламгерді басқалардан ерекшелеп тұратын нәрсе – оқу-тоқудың көптігі, шеберлікті шыңдау мақсатындағы ізденістер емес екендігіне көз жеткізгендей болдық.
Әрине, қаламгер туралы сөз қозғаған кезде біз «Қоңырқаздан» айналып өте алмаймыз. Бұл әңгіменің магиялық қасиеті бар. Жаныңның әлдебір түкпірінен қоңырқазға айналып, ұшып кеткісі келетін бір жаратылысты оятып алған сияқты күй кешесің. Бұл әңгіме адам жанының тазалыққа, бейкүнәлікке шексіз ғашықтығына қойылған ескерткіш сияқты. Магияны да тегін айтып отырған жоқпыз. Қаламгердің өзі әңгімені орыстың көрнекті жазушысы Андрей Битов «магиялық реализм» деп бағалағанын сұхбаттарында жеткізіпті.
Жалпы, «Қоңырқаз» өте көп талданбаса да, қазақтың мықты қаламгерлерінің аузына ауық-ауық іліккен шығарма. Сол себепті жазушының аты аталғанда еске бірден «Қоңырқаз» түседі. Идеясы Ганс Христиан Андерсеннен алынған шығарма не туралы?
Бір деммен оқылатын әңгімедегі ең ғажап сәт – қыздың құсқа айналып ұшып кетуі. Ең алдымен әлдебір жігітке алданып қалған жас қыздың ауылдағы қойшы ағасына хат жазғаны баяндалады. Егер олар бойжеткенді өзекке тепсе, ары қарайғы тағдыры беймәлім...
Қойшының қарындасын қабылдағаны, бойжеткеннің құстың жұмыртқасына жеріктігі, соңыра нәрестені дүниеге әкелуі бір деммен оқылады. Түсінбей кібіртіктеп қалу сосын басталады. Бұл – сәбидің арқасында құстың қанатына ұқсас шеміршектің өсе бастауы. Қызының жұмбақ жаратылысын өзгеден жасырған анасы оны бастауыш сыныпта оқудан шығарып алады. Өйткені қызы мектептен жылап келеді, оқушылар оны «бүкір» деп мазақтайды. Арқасынан өсіп келе жатқан қанаттары оны бүкір етіп көрсететін. Таңнан кешке дейін үйде отыратын қыз бала сурет сала бастайды. Басқа ештеңені емес, тек құстардың суретін.
Ана жүрек бұл баланың ерекшелігін сәби кезінде-ақ сезеді. Сол үшін өзін паналатқан ағасының үйінен көшіп кетеді. Әйтпесе, ағасы сәби туғанда қатты қуанған, сәбиге мейірімі оянған. «Бауырыма салып алам» – деген дәмесі де бар еді. Өйткені оларда бала жоқ. Алланың шеберлігін қараңыз, осы сәби дүниеге келіп, ерлі-зайыптының оған мейірімі оянған соң, көп өтпей олардың да отбасында сәбидің күлкісі естіледі...
Енді осы оқиғаны магиялық реализмнің қалыбына салып түсіндіріп көрейік. Атақты «Жүз жылдық жалғыздық» әдебиеттегі магиялық реализмнің ең таңдаулы мысалы. Шығарма емес, ертегі оқыған сияқты боласың. Бірақ бәрібір шындық ретінде қабылдайсың. Адамға торайдың құйрығы өсіп шығуы мүмкін нәрсе емес, бірақ, күнәға, былыққа белшеден батқан жиіркенішті, күнәһар пенделерге торайдың құйрығы өсіп шығуы керектігі туралы ой адамның санасында әбден мақұлданған, бекіген. Яғни адам өз нәсілін ондай «құрдымға» қия алады. Сондықтан романдағы кейіпкерлерге торайдың құйрығы өсіп шығуын оқырман кедергісіз қабылдайды. Дәл сол себепті «Қоңырқаз» әңгімесіндегі кішкентай, бейкүнә сәбиге қос қанаттың өсіп шығып, оның адамдардан қорлық көрмеуі үшін аспанға ұшып кетуін де оқырман еш кедергісіз шындыққа балай алады. Екіншіден, магиялық реализмге тән бір ерекшелік – адамның сезімдері мен құмарлықтары егжей-тегжейлі, ашық жазылады. Әңгімеде сәбидің анасының құстың жұмыртқасына жерік болғаны, жұмыртқа жеп жүріп жерігін басқаны сәтті суреттелген. Әйелдің жерік халін жеріне жеткізе баяндайтын қаламгер бір нәрсеге аса мән береді. Ол – жұмыртқаны ұрлап жеу деталі. Осы жерде болашақ некесіз сәбиді дүниеге әкелетін ананың жұрт көзінен жасырын, өткен шақтағы «ұрлықы» құмарлықтары туралы тұспалдайды... Үшіншіден, магиялық реализмге тән тағы бір ауқымды ерекшелік – ол кейіпкерлердің бір-біріне қарама-қайшылығы. «Қоңырқазда» көп кейіпкер жоқ. Сөйте тұра олар бір-біріне ұқсамайды. Бәрі бір-біріне қарама-қайшы. Олар бір-бірімен дауласып, бет жыртысып жатқан жоқ. Бірақ әртүрлі танымдағы адамдар. Санамалай берсең, ол әдіс арқылы басқа да ерекшеліктерді шығаруға болады. Бірақ осының өзі-ақ әңгіменің нағыз магиялық реализм сипатында жазылғанын көрсетіп тұр. Ең бастысы, әңгімені оқыған оқырман жас қыздың құсқа айналып кетуімен «келіседі».
Қаламгер «Қоңырқазды» жиырма екі жасында жазыпты. Бұл жаста азды-көпті ізденіс болғанымен, шеберлік қалыптасып үлгермейді. Адамтану, өміртану тәжірибесі де аз. Сондықтан жиырма екідегі қаламгерге ерекше көркем тұрпаттағы әңгіме тудыру үшін қалатын нәрсе – туабітті жазушылық дарын мен Аллаға деген ерекше сенім. Оның қорламайтыны, адам жаны тек соның жанынан ғана пана таба алатыны туралы ойлар қазақ әдебиетіне сипаты сұлу, мазмұны терең «Қоңырқазды» қосты.
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Бүгін, 22:05
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 21:18
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Бүгін, 20:55
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Бүгін, 20:24
Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 19:56
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасарлары лауазымына ұсынылған кандидатуралармен келісті
Парламент • Бүгін, 17:40
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Бүгін, 17:27
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 17:06
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүріп жатыр - Қазсушар
Экология • Бүгін, 10:47
Ұқсас жаңалықтар